Начало разговора и просьбы
| Скажите, пожалуйста | Айтып жіберіңізші |
| Вы не могли бы мне помочь? | Сіз маған көмектесе аласыз ба? |
| Вы говорите по-казахски? | Сіз қазақша сөйлейсіз бе? |
| Вы говорите по-русски? | Сіз орысша сөйлейсіз бе? |
| Вы говорите по-английски? | Сіз, ағылшынша сөйлейсіз бе? |
| Я не говорю по-русски | Мен орысша сөйлемеймін |
| Нет, не говорю | Жоқ, сөйлемеймін |
| Я немного говорю по-английски | Мен, ағылшынша аздап сөйлеймін |
| Я свободно говорю по-английски | Мен, ағылшынша еркін сөйлеймін |
| Я немного понимаю по-английски | Мен, ағылшынша аздап түсінемін |
| Я немного понимаю, но говорить не могу | Аздап түсінемін, бірақ сөйлемеймін |
| Вы меня понимаете? | Сіз мені түсінесіз бе? Сіз мені түсініп тұрсыз ба? |
| Я ничего не понимаю | Мен түк те түсінбеймін |
| Я не понимаю по-английски | Мен, ағылшынша түсінбеймін |
| На каком языке вы говорите? | Сіз қандай тіл білесіз? |
| Что вы сказали? | Сіз не дедіңіз? |
| Повторите, пожалуйста | Қайталаңызшы |
| Я Вас не понимаю | Мен сізді түсінбей тұрмын |
| Мне нужен переводчик | Маған аудармашы керек |
| Можно у вас спросить? | Сізден сұрауға бола ма? |
| Покажите | Көрсетіңізші |
| Принесите | Алып келіңізші |
| Объясните | Түсіндіріңізші |
| Помогите выбрать | Таңдауға көмектесіп жіберіңізші |
| Можно? | Рұқсат па? |
| Остановитесь | Тоқтаңызшы |
| Не спешите | Асықпаңызшы |
| Подождите | Күте тұрыңызшы |
Загадки на казахском языке о небе, солнце, звездах, луне

| Төңірегі тең көрініп, Теген жатыр төңкеріліп, Жас та сиған, кәрі сиған, Астына оның бәрі сиған. /Аспан/ | Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын , Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаһанның жерін,суын, жәндіктерін, Іші кең бәрін салса толмайтұғын. /Көк, аспан/ |
| Бір түкті кілем, Бірі түксіз кілем. /Аспан, жер/ | Түбі көк дария, Іші мұнара, Отыз шешегі. /Аспан, отыз күн/ |
| Екі тері, Екеуі де кең тері. /Аспан, жер/ | Тең,тең тең киіз, Екі ортасы кең киіз. /Аспан, жер/ |
| Бір қоян қайың тауды арқалаған, Ертерек қоян еді марқалаған. Жолында алтын гауһар толып жатыр, Еш адам ала алмайды балталаған. /Күн мен сағым/ | Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды, Екеуі қызықтырған талайыңды. Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса, Тұрады нұрға малып маңдайыңды. /Ай, күн/ |
| Су ішінде екі жайын, Бірі кетсе, бірі дайын. /Ай, күн/ | Айтайын мен жұмбақ сексен сегіз, Шешуі қиын емес ескерсеңіз. Болады бірі өткір, бірі өтпес, Ақылы мұны тапқан ұшан-теңіз. /Ай, күн/ |
| Ай далада ақ шатыр, Ақ шатырдың ішінде Қызыл көзді шал жатыр. /Аспан, күн/ | Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты, Ұшады кешке дейін дамыл таппай. /Күн/ |
| Табан, табан, табан ақ, Табаны жалпақ қоян ақ. Күлген көзі күмістен, Келе жатыр қоян ақ. /Күн/ | Ар жағында орманның, Ар жағында таулардың, Алтын кеспек домалар. /Күн/ |
| Дүниеде бір алыпты көрдім күшті, Бар салмақ дүниедегі соған түсті, Құнарлы қуатынан тояттанып, Әр түрлі жер бетінде жеміс пісті. /Күн/ | Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады. /Күн/ |
| Аспанда бір айна бар, Әлемді көріп айналар. /Күн/ | Ұзын-ұзын сырғанақ, Ұшығына кім жетер? Асыл бесік күйкентай, Жұмыртқасын кім табар? /Күннің батуы, шығуы/ |
| Ақ сандығым ашылды, Ішінен дүрлер шашылды. /Күннің көзі/. | Ақ сандығым ашылды, Қызарып жалын шашылды. /Күн/ |
| Жабық астында жарты күлше. /Ай/ | Үй астында ақ тоқым. /Ай/ |
| Көлде жүрген ақ үйрек, Түнде бар да, күндіз жоқ. /Ай/ | Көп моншақ ішінде бір түйір қалам. /Ай/ |
| Керегенің басында кепкен бауыр, Кесіп алса таусылмас неткен бауыр?! /Ай/ | Айдаһар күндіз жатып, түнде шығар, Қаһарлы қалыбына әркім құмар, Болыпты туғаннан-ақ күнмен талас, Күнді көрсе айдаһардың жүзі солар. /Ай/ |
| Күндіз әйнегі сынады, Түнде орнында тұрады. /Ай/ | Кішкентай нан барша ғаламға жетеді. /Ай/ |
| Жабықта жарты нан. /Ай/ | Қонақтап күнде келер су бетіне, Пар келмес гауһар заты келбетіне. Сәулесі су жүзінде дірілдейді, Тамаша қарап тұрсаң суретіне. /Ай/ |
Несогласие и сомнение
| Нет | Жоқ |
| Нет, спасибо | Жоқ, рахмет |
| Не надо | Қажеті жоқ |
| Наоборот | Керісінше |
| Ничего подобного | Мүлде олай емес |
| Вы ошибаетесь | Сіз қателесесіз |
| Это исключено | Бұл тіптен мүмкін емес |
| Я против | Мен қарсымын |
| У меня другое мнение | Мен басқаша пікірдемін |
| Я не согласен с Вами | Мен сізбен келіспеймін |
| Я отказываюсь | Мен бас тартамын |
| Никогда | Ешқашан |
| Не может быть | Мүмкін емес |
| Вы не правы | Сіздікі дұрыс емес |
| Мне это абсолютно не нравится | Бұл маған тіпті ұнамайды |
| К сожалению, я сегодня не смогу | Өкінішке орай мен бүгін келе алмаймын |
| Возможно | Мүмкін |
| Посмотрим | Көре жатармыз |
| Если будет время | Уақытым болса |
| Я постараюсь | Тырысып көрейін |
| Я подумаю | Ойланып көрейін |
| Не обещаю | Уәде бере алмаймын |
| Нужно посоветоваться | Ақылдасу керек |
| Время покажет | Уақыт көрсетеді |
| Разве? | Шынымен бе? |
| Неужели? | Шын ба? |
| Правда? | Рас па? |
Қазақ тілінде аспан, күн, жұлдыз, ай туралы жұмбақтар

| Күндіз күннен таярмын, Түнде әлемге аянмын. /Ай/ | Кейде орта, кейде толы бір тегене, Көрінер кейде күндіз, кейде түнде, Бетіне ақ шағыдан перде тартқан, Балалар, ойлап қара, бұл немене? /Ай/ |
| Үй үстінде ұсақ тас. /Жұлдыз/ | Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып, Қарасам толып жатыр көзін ашып. Үйіме сәулеленіп түссе жарық, Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. /Жұлдыз/ |
| Біреуде отряд көп сан жетпейді, Күндіз олар ешкімге көрінбейді. Мізбақпай ұзақ түнде күзетте боп, Тұруға бір орында ерінбейді. /Жұлдыз/ | Етегім толы сөк, Ерте тұрсам жоқ. /Жұлдыз/ |
| Тақиям толған сөк, Ерте тұрсам дым да жоқ. /Жұлдыз/ | Шым-шытыр, Шиедей қотыр. /Жұлдыз/ |
| Біз, біз, біз едік, Отыз арба қыз едік, Бір тақтайға жиналдық, Таң атқанда жоқ болдық. /Жұлдыз/ | Таң атқанша тары шаштым. /Жұлдыз/ |
| Бірталай тары шаштым там басына, Әуре болып толтыра алмай қамбасына, Қиыстырып өлеңмен жұмбақ қылдым, Ойлағандар мәнісін аңдасында. /Жұлдыз/ | Бір байдың мың қойы қоздайды екен, Біреуі біреуінен озбайды екен. Болғанмен алтын астау, күміс күндеу, Болғанша қиямет қайым тозбайды екен. /Жұлдыз/ |
| Атасы мен анасы, Миллионнан көп баласы. /Жұлдыз/ | Алтын бәкі, Күміс сәкі Қырық қысырақ, Бір сәуірік. /Күн, Шолпан, жұлдыз, ай/ |
| Бір емен, жеті терек, алты қайың, Бұтағы толып жатыр дайым, дайым, Ішінде шынар терек, үш қарағай, Өңгесін айта беріп не қылайын? /Шолпан, Жетіқарақшы, Үркер, Үш таразы/ | Туғанда алтау едім, Өле-өле жетеу болдым. /Үркер/ |
| Аспанда ұшып жүрген алты торғай, Өмірбақи жүреді жерге қонбай. /Үркер/ | Бар ма, жоқ па, анық білмейсің, О жоқ жерде өмір сүрмейсің. /Ауа/ |
| Бір нәрсе жер мен көктің арасында Көрінбейді өзі түгіл қарасы да, Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы, Пайдалы адамзаттың баласына. /Ауа/ | Салмағың бар өлшесем, Көрінбейсің көзге сен. /Ауа/ |
Аэропорт
| Прием багажа | Жүк қабылдау |
| Камера хранения | Сақтау камерасы |
| Во сколько вылет? | Ұшу уақыты қаншада? |
| Регистрация билетов началась / закончилась? | Билеттерді тіркеу басталды ма / бітті ме? |
| Где можно получить багаж? | Жолжүкті қайдан алуға болады? |
| Я не могу найти свой багаж. | Мен жолжүгімді таба алмай жатырмын. |
| Вот мой багаж. | Міне менің жолжүгім. |
| Мне нечего декларировать. | Ресми мәлімдейтін еш нәрсем жоқ. |
| Это вещи для личного пользования. | Бұл жеке бас үшін қолданылатын. |
| Таможня | Кеден |
| Вот мой паспорт и таможенная декларация. | Міне менің төлқұжатым және кедендік декларациям. |
| Это частый визит. | Бұл жеке сапар. |
| Это деловая поездка. | Бұл іс сапары. |
| Это туристическая поездка. | Бұл туристік сапар. |
| Скажите, где туалет? | Дәретхана қайда екенін айтып жібересіз бе? |
| Мужской / Женский | Еркек / Әйел |
| Свободно / Занято | Бос / Бос емес |
| На себя / От себя | Өзіңізге қарай / Өзіңізден кері |
| Открыто / Закрыто | Ашық / Жабық |
| Вход / Выход | Кіру / Шығу |
| Запрещено | Тыйым салынады |
| Полиция | Полиция |










